Махмуд Аббас Түркияға келеді

Палестина басшысы Махмуд Аббас президент Ердоғанның шақыруымен ресми байланыстар аясында Түркияға келеді.

1672425
Махмуд Аббас Түркияға келеді

Президенттік Коммуникация басқармасының мәлімдемесіне қарағанда Махмуд Аббас 9-11 шілде күндері аралығында Түркияда болады.  

Палестина мемлекет басшысы Аббас 3 күндік ресми байланыстары аясында президент Режеп Тайып Ердоғанмен бас қосады.

Махмуд Аббасты президенттік сарайда мемлекеттік рәсіммен қарсы алады.

ынтыБас қосуда Түркия мен Палестина арасындағы ынтымақтастық шаралары жан-жақты қолға алынады.

Сондай-ақ Палестиналықтар арасында келіссөз және бейбітшілік кезеңін жандандыру тақырыбы бағаланады.

 



Ұқсас жаңалықтар