Ердоған экспорттың артқанын айтты

Ердоған: "Экспорт алғашқы 6 айда 40 пайыз артты. Жыл соңында экспорт тұңғыш рет 200 миллиард долларға жетеді" деді.

1670299
Ердоған экспорттың артқанын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Жыл соңында тарихымызда тұңғыш рет 200 миллиард доллардан астам экспорт жасаймыз" деді.

Ердоған Президенттік кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Жылдың екінші ширегінде күтілген өсу санағына байланысты:

"Жетекші көрсеткіштер базалық әсердің күшімен жылдық 20 пайыз мөлшерінде өсуге меңзеуде" деген Ердоған экспорт санды мәліметтері жайлы:

"Экспорт алғашқы 6 айда өткен жылғы ұқсас мезгілмен салыстырғанда 40 пайыз артты. Жыл соңында тарихымызда тұңғыш рет 200 миллиард доллардан астам экспорт жасаймыз" деп көрсетті.

Ердоған жаңа типті коронавирус індетімен күрес тақырыбында:

"Барлық азаматтарды, 18 жастан жоғарғы барлық адамдарды вакцина ектіру арқылы өздерін және жақындарын осы індеттен қорғауға шақырамын" деді. 



Ұқсас жаңалықтар