Ибраихим Калын Албанияда

Калын Албанияның бейбітшілігі мен тұрақтылығы Балканның бейбітшілігі мен тұрақтылығы екенін айтты.

1669072
Ибраихим Калын Албанияда

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Албанияның бейбітшілігі мен тұрақтылығы Балканның бейбітшілігі мен тұрақтылығы екенін айтты. 

Ресми іс-сапармен Албанияның астанасы Тиранаға барған Калын журналисттердің сұрақтарына жауап берді.  

Балкандағы бейбітшілік пен тұрақтылықтың жалғасу тақырыбы, НАТО-мен ынтымақтастық, Еуропа Одағы және жаһандық тақырыптардың күн тәртіпте болғанын айтқан Калын "Түркия-Албания қарым-қатынастары жыл өткен сайын тіпті күшеюде. Бұл қарым-қатынастар түрлі салада кеңеюде. Сондықтан жұмыстарымызды жалғастырамыз" деді. 

Албаниямен қорғаныс өнеркәсібі саласында да маңызды ынтымақтастық жасалғанын айтқан Калын "Мысалы Албанияның бейбітшілігі мен тұрақтылығы біздің және Балканның бейбітшілігі мен тұрақтылығы болып табылады" деген сөздер қолданды. 

 



Ұқсас жаңалықтар