"Журналистиканың мақсаты - ақиқат"
Алтун жалған хабарға негізделген журналистиканың демократияға үлкен зиян тигізетінін айтты.
Президенттік аппараттың жанындағы Коммуникация басқармасы төрағасы Алтун жалған хабарға негізделген журналистиканың демократияға үлкен зиян тигізетінін айтты.
Коммуникация басқармасы тарапынан онлайн түрде өткен «Интернет медиасы және хабар тарату» жиналысына интернет медиасы қызметкерлері, сала басшылары, мемлекеттік мекемелер мен университеттердің өкілдері қатысты.
Фахреттин Алтун жиналыстың беташарында қоғамның ел және әлемдегі оқиғалар жөнінде шын, дұрыс және сенімді жаңалықтарға қол жеткізуінің мықты демократия үшін бас тартылмас екенін атап көрсетті. «Ақиқатқа сүйенетін журналистиканы нығайтқан кезде асыра сілтеу және жалған хабарларға негізделген хабар тарату демократияға үлкен зиян тигізеді» деді ол.
Ол Түркияға қарсы ұлттық және халықаралық деңгейде дезинформациямен күресте медиа қызметкерлеріне маңызды жауапкершіліктер жүктелетінін атап айтты. Алтун: «Кейбір халықаралық медиа платформаларының және олардың іштегі жұрнақтарының жамандық аппараты ретінде елімізге бағытталған лас үгіт-насихаттарына куә болып отырмыз. Осы жағдай демократиямыз үшін болғаны секілді, секторға бағытталған түсінік пен кәсіптік сапада маңызды проблема бар екенін көрсетеді» деді.
Хабар таратудың жалғыз мақсатының ақиқат болуы керектігін атап көрсеткен Алтун: «Журналистер барлық жерде «ақиқаттың өкілі» екендерін еске алып, осындай санамен жұмыс істеуі керек» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Көші-қон меморандумына қол қойылды
Түсіністік меморандумы аясында Түркиядағы Ирак азаматтары өз еріктерімен елдеріне оралады.