Караисмайлоғлу Türksat 5А серігіне тоқталды

Қатынас және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу Türksat 5А серігінің ең күшті серік екенін айтты.

1666356
Караисмайлоғлу Türksat 5А серігіне тоқталды

Қатынас және Инфрақұрылым министрі Адил Караисмайлоғлу Түркияда коммуникация инфрақұрылымын болашаққа үйлестіруге есе қосатын Türksat 5А серігінің 1728 мегагерц қуаты бар Ku-диапазонында Türksat 5А серігі флотындағы ең күшті серік екенін айтты.

Адил Караисмайлоғлу Анкарада Türksat-тың Гөлбашы базасында Türksat 5A серігін қызметке беру рәсіміндегі сөзінде Türksat 5А серігінің 8 қаңтарда бастаған сапарын 4 мамырда 31 градус шығыс орбитаға жету арқылы аяқтағанын айтып, 1.5 айда сынақ жұмыстарынан кейін қызметке қосылуға дайын күйге келгенін білдірді.

Адил Караисмайлоғлу:

"Түркияда коммуникация инфрақұрылымын болашаққа үйлестіруге есе қосатын Türksat 5А серігі 1728 мегагерц қуаты бар Ku-диапазонында Türksat 5А серігі флотындағы ең күшті серік. Бұрынғы серіктерден 30 пайыз артық күшке ие" деді.

 Адил Караисмайлоғлу: 

"Дизайн және өндіріс сатысы аяқталған Türksat 5А серігінің сынақтары жүргізілуде. Türksat 5А серігі Түркия, Еуропа, Орта Шығыс, Солтүстік Африка, Орталық Батыс Африка, Жерорта теңізі, Эгей теңізі және Қаратеңіз өңірін қамтыған 3 құрлыққа таралған кең географияда теледидар мен сандық хабарласу қызметін береді" деді.    



Ұқсас жаңалықтар