Türksat 5A қызметке берілді

Жыл аяғында жаңа серік ұшырылады.

1666183
Türksat 5A қызметке берілді

Президент Режеп Тайып Ердоған «Дизайн және өндіріс сатысы аяқталған Türksat 5B серігінің сынақтары жүргізілуде.  Мақсатымыз – осы серікті жылдың аяғында ғарышқа жіберу» деді.

Президент Анкарада Türksat-тың Гөлбашы базасында Türksat 5A серігін қызметке беру рәсіміне қатысты. Президент осында сөйлеген сөзінде: «Türksat 6A серігін өндірдік, сынақтағы осы серікті алдымыздағы жылы ғарышқа ұшыруды жоспарлап отырмыз. Осылайша Түркия әлемде коммуникация серігін өндіретін он ел қатарына енеді» деді.

Президент былай жалғастырды: «Дизайн және өндіріс сатысы аяқталған Türksat 5B серігінің сынақтары жүргізілуде.  Мақсатымыз – осы серікті жылдың аяғында ғарышқа жіберу. Türksat 5B-нің қызметке берілуімен коммуникация әлеуеті 15 есе артады.



Ұқсас жаңалықтар