PKK мен YPG арасында айырмашылық жоқ
Хулуси Акар "Бұл күрес соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғасады. Бұған ешкімнің күдігі болмасын" деді.
Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар бөлшектеуші террор ұйымы PKK мен YPG арасында ешқандай айырмашылықтың болмағанын айтты.
Министр Акар Түрік Қарулы Күштері қолбасшыларымен бірге Малатияда 2-ші армия қолбасшылығы ғимаратына барды. Акар мен қолбасшылар соңғы жағдайға байланысты мағлұмат алды және әскери қызметкерлермен кездесті.
Бөлшектеуші террор ұйымы PKK мен YPG арасында ешқандай айырмашылықтың болмағанын баяндаған Акар "Ешкім бізбен қалжыңдамасын. Тыңдалған дыбыстар, рапорттар және фотосуреттердің барлығы жарыққа шығуда. Кейбір одақтасымыз YPG-мен ынтымақтастық жасап, оларға қару-жарақ жағынан қолдау беруде. Бұл әрекеттерді қабылдай алмаймыз" деді.
Террормен күрестегі соңғы санақтарды да жариялаған Акар 2015 жылы 24 шілдеден бері 18 мың 220 террористтің, 1 қаңтардан бастап 1366 террористтің залалсыздандырылғанын мәлімдеді.
Хулуси Акар "Бұл күресті соңғы террорист залалсыздандырылғанға дейін жалғастырамыз.. Бұған ешкімнің күдігі болмасын" деп көрсетті.
Ұқсас жаңалықтар
Соңғы 4 күнде PKK-лық 27 террорист залалсыздандырылды
Ұлттық Қорғаныс министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.