Акар: АҚШ-тың техникалық делегациясы министрлігімізге келді

Ауғанстан тақырыбында келіссөздер жүргізетін АҚШ-тың техникалық делегациясы Түркияға келді.

1664007
Акар: АҚШ-тың техникалық делегациясы министрлігімізге келді

Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар Ауғанстандағы «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайының жұмыстарын жүргізу жауапкершілігін жалғастыру туралы «Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) техникалық делегациясы бүгін министрлігімізге келді. Келіссөздеріміз басталды және жалғасуда» деді.

Ұлттық қорғаныс министрі Акар бас қала Анкарада «Дәлдікке арналған нұсқаулық-82» қаруын тапсыру рәсімінде сөйлеген сөзінде Ауғанстандағы оқиғаларға тоқталды.

Ауғанстанды «Азияның жүрегі» және өте маңызды ел ретінде бағалаған Акар Түркия мен Ауғанстан арасында терең тарихи және мәдени байланыстар бар екенін мәлімдеді.

Акар Түркия-Ауғанстан дипломатиялық қарым-қатынастарының биыл 100 жылдығы екенін еске сала отырып «1921 жылғы түрік-ауған одақтастық келісімінде айтылғандай, 'екі елдің тағдыры мен бақыты бір-біріне тәуелді'. Сондықтан Түркия қайғы мен қуанышта бірге болған ауғанстандық бауырларымыздың бейбіт, қауіпсіз және тұрақты өмір сүруі үшін үлкен күш жұмсады, мұны жалғастырамыз» деді.

Түркияның Біріккен Ұлттар Ұйымы қарарлары шеңберінде 2002 жылы алғашқы қызметке келген күнінен бастап, Халықаралық қауіпсіздікке жәрдем күштеріне, ал 2015 жылдан бері НАТО-ның Тұрақты қолдау қызметіне үлес қосуды жалғастырғанын атап көрсеткен Акар Түркияның осындағы табыстарына барлығының жоғары баға бергенін білдірді.

Акар Түрік Қарулы күштерінің қазіргі кезде Кабулда Білім беруге қолдау көрсету бойынша кеңес беру қолбасшылығы қызметін атқарып келгенін тілге тиек етіп, «Осы уақытқа дейін қол жеткізілген жетістіктерді қорғау және 6 жыл бойы осы тұрғыда жүзеге асырып жатқанымыз «Хамид Карзаи» атындағы халықаралық әуежайды пайдалану жауапкершілігін қажетті шарттар орындалған жағдайда жалғастыруымыз мүмкін. Бұл тақырыпта келіссөздер жалғасуда. Басқа елдермен қалай жұмыстануға болады көреміз. Осы аяда АҚШ техникалық делегациясы бүгін министрлігімізге келді. Келіссөздеріміз басталды және жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар