Түркияға АҚШ делегациясы келеді

Ұлттық Қорғаныс министрлігі лауазым иелері мен  АҚШ Қорғаныс министрлігі делегациясы бас қосады.

1662726
Түркияға АҚШ делегациясы келеді

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің бір техникалық делегациясы Ауғанстандағы Кабул Хамид Карзай атындағы халықаралық әуежайының басқарылуына бағытталған істерді қолға алу мақсатымен бейсенбі күні Түркияға келеді.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі лауазым иелері мен  АҚШ Қорғаныс министрлігі делегациясы бас қосады.

Түркия НАТО Табанды Қолдау миссиясы аясында Ауғанстандағы Кабул әуежайын басқару ісін алты жылдан бері атқарып келеді.



Ұқсас жаңалықтар