55 босқын құтқарылды

Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

1662428
55 босқын құтқарылды

Измирдің Дикили және Карабурун ауданы маңында Грекия жағалау қауіпсіздігі тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 55 босқын құтқарылды.

Жағалау қауіпсіздік қолбасшылығы жасақтары екі аудан маңында үрлемелі қайықта босқындар бар екені жөнінде ақпар алды. Аймаққа Жағалау қауіпсіздік қайығы жіберілді.

Қауіпсіздік күштері үрлемелі қайықтағы заңсыз 55  босқынды құтқарып, құрлыққа шығарды.

Кемежайға әкелінген босқындар тексерулерден кейін Уәлаят Көші-қон басқармасына тапсырылды.

Балыкесир провинциясының Айважык ауданы су айдынында  Грекия жағалау қауіпсіздік күштері тарапынан түрік су айдынына қайтарылған үрлемелі қайықтағы 49 босқын құтқарылды.

Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар