Түркия-Испания арасында бейнеконференция арқылы жиналыс өтеді

Сыртқы істер министрлігі бейнеконференцияға қатысты мәлімдеме жасады.

1661777
Түркия-Испания арасында бейнеконференция арқылы жиналыс өтеді

Түркия мен Испания арасындағы екіжақты мәселелер мен Еуроодақ (ЕО) кеңестері бүгін бейнеконференция арқылы талқыланады.

Сыртқы істер министрлігі бейнеконференцияға қатысты жасаған жазбаша мәлімдемеде Түркия мен Испания арасындағы бейнеконференцияның министр орынбасары және ЕО төрағасы өкілетті елші Фарук Каймакджы мен Испания Сыртқы істер, ЕО және ынтымақтастық министрлігі Мемлекеттік хатшысы Хуан Гонсалес Барбаның тең төрағалығымен өтетіні жарияланды.

Мәлімдемеде кеңес барысында «Түркия-Испания 7-ші үкіметаралық саммиті» дайындықтары және өзара қарым-қатынастарды егжей-тегжейлі қолға алуға қоса, Түркия-Еуроодақ ынтымақтастығы тақырыптарында көзқарас алмасылатыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар