Косово Түркиямен байланыста болады

Бұл туралы Косово президенті мәлімдеді.

1662077
Косово Түркиямен байланыста болады

Косово президенті Вьоса Османи-Садриу Түркияның мықты қолдауы үшін байланыста болуды жалғастыратындарын айтты.

Османи Анталия Дипломатия форумы шеңберінде Анадолы агенттігіне мәлімдеме жасады. Ол Түркия мен Косово қарым-қатынастарында нығайтылуы керек жаңа тақырыптар бар екеніне назар аударды. Осылардың арасында сауда және мәдени ынтымақтастықтарды тізіп айтты.

Ол Косовода түрік іскерлері инвестиция салатын көптеген сектор бар екенін атап көрсетті. «Түркияның қолдауы қажет.  Осы тақырыпта Түркияның мықты қолдауы үшін байланыста боламыз,  себебі бұл тек біздің дамуымыз үшін емес, аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығы үшін де маңызды» деді ол.

 Османи Косовоны мойындаған ел санының жүзден асқанын тілге тиек етті. «Саяси жағынан Халықаралық Әділет алқасы Косовоның тәуелсіздігінің халықаралық құқыққа сай екенін білдірді.  Сондықтан елдердің Косовоның тәуелсіздігін мойындамауы үшін ешбір проблема жоқ» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар