"Атмажа" атты кемесоғар зымыраны өте маңызды
"Атмажа" атты кемесоғар зымыранымен тағы бір маңызды қадам басты.
Түрік қорғаныс өнеркәсібі Түрік Қарулы Күштерінің қажеттіліктерін отандық және жергілікті өнімдермен қамтамасыз ету жолында "Атмажа" атты кемесоғар зымыранымен тағы бір маңызды қадам басты.
"Атмажа" атты кемесоғар зымыраны Түркияның шетелге тәуелділігін азайту, Теңіз күштері қолбасшылығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету және ұлттық мүмкіншіліктермен жойғыш қару дамыту мақсатымен өндірілді.
Жоба бойынша 220 шақырым қашықтыққа атылатын "Атмажа" ату сынақтарында 250 шақырым қашықтағы нысанаға тигізді.
"Атмажа"-мен осы таңға дейін 20-ден астам ату сынағы жасалды. 2016 жылы қараша айынан осы таңға дейін жасалған сынақтарда да үнемі дамығаны білдірілді.
"Атмажа"-ның тізбекті өндірісінің келіссөзі болса 2018 жылы 29 қарашада жасалды.
Рокетсан 2021 жылы ішінде тезбікті өндірістен шыққан "Атмажа" зымырандарын Түрік теңіз күштері жүйесіндегі кемелерге күш қосады.