Түркия – әлемде ең көп босқын қабылдаған ел

БҰҰ есеп жариялады.

1660645
Түркия – әлемде ең көп босқын қабылдаған ел

Түркия – әлемде ең көп босқын қабылдаған ел.

БҰҰ Миграция жоғары комиссариатының биылғы Жаһандық бағыттар есебіне қарағанда,  әлемде күш қолдану мен зұлымдық себебімен үйлерін тастап кеткен кісі саны соңғы 10 жылда рекордқа жетті.

Есепке қарағанда, 2020 жылы әлем көлемінде 82 миллион 400 мыңнан астам кісі елінен кетті.

Өткен жылы коронавирус эпидемиясы себебімен келтірілген шектемелерге қарамастан шамамен 3 миллион адам үйлерінен кетуге мәжбүр болған.

Елінен кеткендердің басында Сирия,  Венесуэла, Ауғанстан, Оңтүстік Судан азаматтары мен Аракан мұсылмандары келеді. Босқындардың 42 пайызы 18 жастан кісі балалар. 2018-2020 жылдар арасында шамамен бір миллион бала босқын ретінде дүниеге келген.

БҰҰ деректеріне қарағанда, ең көп босқын қабылдаған ел Түркия. Түркия соңғы 7 жылдан бері әлемде ең көп босқын қабылдаған ел болып келеді. Түркиядан кейін 1,7 миллион босқынмен Колумбия, 1,4 миллион босқынмен Пәкістан және Уганда, 1,2 миллион босқынмен Германия келеді.



Ұқсас жаңалықтар