Вакцинацияда 1 миллион рекорды жаңартылды

Денсаулық сақтау министрлігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

1658977
Вакцинацияда 1 миллион рекорды жаңартылды

Түркия жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) қарсы күресте кеше бір күнде 1 миллион доза вакцинацияны жүзеге асырып, рекорд жаңартты.

Коронавируспен күрес аясында салынған вакцина саны соңғы тәулікте 1 миллион 240 мың 311-ден асты.

Денсаулық сақтау министрлігінің «covid19asi.saglik.gov.tr» интернет парақшасында орын алған соңғы көрсеткіштер бойынша жалпы салған доза мөлшері ел көлемінде 36 миллион 95 мың 162-ге ұласты.

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа болса жеке Твиттер аккаунтынан вакцинацияда 1 миллион доза нысанасына жеткендерін мәлімдеді.

Кожа соңғы 24 сағатта 1 миллион 240 мың 311 доза вакцина салынғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар