Түркия іздеу салынған ДАИШ-тік террористті ұстады

ҰБҰ ДАИШ террор ұйымының Түркия жауапты Касым Гүлерді ұстап, елге әкелді.

1658451
Түркия іздеу салынған ДАИШ-тік террористті ұстады

Түркия Ұлттық барлау ұйымы (ҰБҰ) ДАИШ террор ұйымының «Түркия уәлаятына жауапты» басшысы Касым Гүлерді Сирияда жасаған бір операциясымен ұстап, елге әкелді.

Қауіпсіздік ақпарат көздеріне қарағанда ҰБҰ терроризм үшін іздеуде салынған террористтер тізімінде қызыл категорияда орын алған ДАИШ террор ұйымының «Түркия уәлаяты жауаптысы» «Абу Усама ат-Турки» лақапты Касым Гүлер шекарадан Түркияға өтіп жанжал туғызатын үлкен лаңкестік әрекет жоспарлаған кезде ұсталды.

Ізіне түскен Гүлер Сирияда ҰБҰ жасаған операциямен ұсталып, Түркияға жауапқа тарту үшін Түркияға әкелінді.

Гүлердің Түркияға қару-жарақ және жарылғыш заттармен заңсыз өтуге дайындалғаны анықталды.

Қызыл категорияда орын алып, алғаш ұсталған ДАИШ-тік террорист екені білдірілген Гүлердің заттары арасынан көптеген ұжымдық басылымдар мен кейбір құпия құжаттар тәркіленді.

Гүлердің 2008-2010 жылдар аралығында Ауғанстан-Пәкістан аймағына өтіп, қақтығыс аудандарында жұмыс істегені және 2014 жылы ДАИШ-тің құрамына кіргені анықталды.

Ұйым ішінде жоғары деңгейлі міндеттерді орындағаны атап көрсетілген Касым Гүлердің сондай-ақ ДАИШ террор ұйымының Ресей, Еуропа мен Түркиядағы қаржыға жауапты  екені де білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар