Президент Ердоғанның НАТО саммитіндегі кездесулері

ТР президенті Германия канцлері Ангела Меркель және Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакиспен де бас қосты.

1657562
Президент Ердоғанның НАТО саммитіндегі кездесулері

Президент Режеп Тайып Ердоған Бельгияның бас қаласы Брюссельде Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті. Екі лидердің НАТО штабындағы кездесуі 50 минут жалғасты.

Ердоған артынан Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен кездесті.

ТР президенті Германия канцлері Ангела Меркель және Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакиспен де бас қосты.

Түркия уақытымен сағат 18-ден президент Ердоған Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байденмен кездеседі. Ердоған осы кездесуден кейін баспасөз мәслихатын өткізеді.

Президент кеше Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан, Литва президенті Гитанас Науседа және Латвия президенті Эгилс Левитспен бас қосқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар