Ердоған Әзербайжанға барады

Ол екі ел арасында келісімге қол қойылатынын білдірді.

1656230
Ердоған Әзербайжанға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған келесі апта Түркия мен Әзербайжан арасында ауқымды келісімге қол қойылатынын білдірді.

Ердоған Стамбул мешіт ашқаннан кейін журналистерге мәлімдеме жасады.  14 маусым күні Брюссельде өтетін НАТО саммитінен кейін Әзербайжанға баратынын айтты.

Алдымен Фузулиге баратынын білдірген президент артынан Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен Шушада кездесетінін, екі ел арасында келісімге қол қоятындарын тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар