Акар түрік қорғаныс технологиясының жоғарлағанын айтты

Акар Түркияның әлем алпауыттарымен бәсекелесетін күйге келгенін, әлемдегі алдыңғы 100 қорғаныс ұйымы арасында 7 жергілікті компания болғанын айтты.

1654982
Акар түрік қорғаныс технологиясының жоғарлағанын айтты

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштерінің әлемде өте аз санды армия қол жеткізген жоғары технологиялық күш пен операциялық қабілетке ие екенін айтты.

Акар Анкарада ұйымдастырылған "Өнімділік және Технология жәрмеңкесіндегі" сөзінде технологияға ие және осы күшті әсерлі қолданған елдердің халықаралық салада үстем орында екенін білдірді.

Жоғары технологияны негіз еткен қорғаныс өнеркәсібінде жергілікті және ұлттық мөлшердің 70 пайыздан асқанын айтқан Акар бұл мөлшерді 2023 жылы 75-80 пайызға шығаруды нысанаға алғандарын атап айтты.

Акар Түркияның әлем алпауыттарымен бәсекелесетін күйге келгенін, әлемдегі алдыңғы 100 қорғаныс ұйымы арасында 7 жергілікті компания болғанын айтты. 

Хулуси Акар:

"Түрік Қарулы Күштері әлемде өте аз санды армия қол жеткізген жоғары технологиялық күш пен ооперациялық қабілетке жетті" деді.

Хулуси Акар:

"Әсіресе болашақ қорғаныс өнеркәсібі технологиясында құрлық-теңіз-әуе сыртында ғарыш пен сандық ғарыш маңызды бір қозғалыс алаңында табысты болудың шарты дайындалды" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар