Түрік әуе аппараттары бұл жолы француз арнасында

Журналист Түркия өндірген отандық қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына тоқталды.

1653395
Түрік әуе аппараттары бұл жолы француз арнасында

Француз журналист Бенуда Абдедаим Түркияның қорғаныс өнеркәсібі саласында басқан қадамдарын BFM Business арнасында баяндап берді.

Журналист Түркия өндірген отандық қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарына тоқталды.

Абдедаим былтыр Ливияда қолданылған Каргу-2 дронының БҰҰ есебінде орын алғанын еске салды. Бір қақтығыс аймағының бірінші рет адам тарапынан бақылауға алынбастан толығымен автоматты түрде әуе жиһазымен нысанаға алынғанына назар аударды.

Түріктің қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарының Сирия және Қарабахта соғыстың бағытын өзгерткенін, Ирактың солтүстігінде сепаратистік террорлық ұйымға қарсы ықпалды қолданылғанын айтқан журналист Әзербайжанның түрік дрондарымен Арменияға қарсы мықты болғанын білдірді.

Француз журналист НАТО-ға мүше Польшаның да Bayraktar TB2 сатып алғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар