Ердоған саябақтың беташарына қатысты

Президент Ердоған Стамбулда 5 маусым Дүниежүзілік Қоршаған орта күніне орай 10 бөлек ұлттық саябақты қызметке ашқандарын айтты.

1652285
Ердоған саябақтың беташарына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус кезеңінде жасыл алаңдардың адамдарға тыныс болғанын айтты. 

Президент Ердоған Стамбулда 5 маусым Дүниежүзілік Қоршаған орта күні топтық беташар рәсіміндегі сөзінде бүгін 10 бөлек ұлттық саябақты қызметке ашқандарын айтып:

"Ауруханаларымыз індет кезінде ұлтымыздың денсаулығын қорғауда қандай маңызды болса, саябақтарымыз бен жасыл алқаптарымыз да адамдардың тыныс алуына көмектесті" деді.

Ауаның кірленуі мәселесін шешуде саябақтардың маңызды ролы болғанын айтқан Ердоған қала орталықтарындағы саябақтарға азаматтарымыз еркін барып-келетін мүмкіндік жаратқаны, апат кезінде бас қосу орталығы болғаны тамаша екенін атап көрсетті.  

Президент 80 ұлттық саябақтың жасалып жатқанын, 183 саябақтың жоспарланғанын хабарлады.

 



Ұқсас жаңалықтар