"Тек қана соңғы 1 айдың ішінде 3 жаңа ұңғымада мұнай аштық"
Президент Ердоған құрлық жұмыстары нәтижесінде жаңа табиғи газ резервтері табылғанын мәлімдеді.
Президент Режеп Тайып Ердоған Қаратеңізде 405 миллиард текше метрлік табиғи газ ашылған соң құрлықтағы ұңғымалардағы жұмыстардан да нәтиже шыға бастағанын атап, «соңғы 1 айдың ішінде 3 жаңа ұңғымада жаңа мұнай резервтері аштық» деді.
Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған демократия мен бостандықтар аралында партиясының Кеңейтілген провинция басшылары жиналысында үн қатты.
Баяндамасында экономикада биылдан бастап күрделі қалпына келуді күткендерін баса айтқан «Қаратеңізде 405 миллиард текше метр табиғи газ тапқан соң құрлықтағы жұмысымыздың нәтижесін ала бастадық. Соңғы 1 айдың ішінде 3 жаңа ұңғымада жаңа мұнай резервтері аштық» деді.
Ердоған «Түркия мұнайларының 2021 жылы ел көлемінде күніне өндіріс орташа соңғы 3 жаңалығымызбен бірге 61 мың баррельден асты» деді.
Жаңа атазаң жұмыстарына да тоқталған президент Ердоған «Жаңа конституцияны Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде (ТҰҰМ) қабылдап, кең консенсуспен ұлтымыздың талқысына ұсынсақ, өте жақсы болады. Біздің мақсатымыз - Парламенттегі барлық партиялардың жаңа және азаматтық конституцияның жұмыстарына сындарлы, тиімді және шынайы қолдау көрсетуі» деді.