50 жастан үлкендерге вакцина егіледі

Министр Кожа: "50 жастан үлкен азаматтарымызға 1 маусымда вакцина егу басталады" деді.

1646307
50 жастан үлкендерге вакцина егіледі

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа 1 маусымнан бастап вакцина егу жұмысы жылдамдайтынын айтып:

"50 жастан үлкен азаматтарымызға вакцина егу басталады" деді. 

Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Коронавирус Ғылыми Кеңесі жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

"1 маусымнан бастап вакцина егу жұмысының жылдамдайды, 50 жастан үлкен азаматтарымызға вакцина егіле бастайды" деген Кожа жергілікті вакцина жұмыстарының жүріп жатқанын айтты.

Фахреттин Кожа:

"Жан санының үш есесінен көп 270 миллион доза вакцина келісімін жасадық. Алдағы аптада мөлшермен 5 миллион доза Ковид-19  вакцинасы елімізге жетеді. Ұлттық вакцинаны қолдануға да жақындап қалғанымызды сүйіншілеймін" деді.

"Қазіргі жағдай және қалыпқа түсу жайлы жоспарымызда биыл жазда індеттің күшті әсерінен құтылатынымызды айқын көрсетуде" деді министр Кожа.  

 



Ұқсас жаңалықтар