ТҰҰМ төрағасы иорданиялық әріптестерін ұлттық күнімен құттықтады

Шентоп «Иордания Ұлттық күніне» орай бұл елдің Мәжіліс және Сенат төрағаларына құттықтау хаттары жолдады.

1645445
ТҰҰМ төрағасы иорданиялық әріптестерін ұлттық күнімен құттықтады

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы Мұстафа Шентоп «Иордания Ұлттық күніне» орай Иордания Хашими корольдігі өкілдер мәжілісі төрағасы Сұлтан Абдельмонем әл-Одат және Сенат төрағасы Файсал әль-Файезге құттықтау хаты жолдады.

Шентоп әл-Одат пен әл-Файезге жолдаған хатында Иордания халқын түрік ұлты және өз атынан шын жүректен «Иордания Ұлттық күнімен» құттықтағанын мәлімдеді.

Шентоп Түркия мен Иордания арасындағы тарихи достық пен ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастардың алдағы уақытта да тұрақты дами беретініне сенгенін баса айтып, «Біздің бірлескен күш-жігеріміз арқылы күшейте алатын парламентаралық сапар мен байланыстарымыз да сөзсіз қарым-қатынастарымызға оң үлес қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар