Жаралы әскер шейіт болды

«Пенче-Йылдырым» операциясы аясында әуеден жеткізу қызметі орындалған кезде жарақат алған бір әскер шейіт болды.

1644514
Жаралы әскер шейіт болды

Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Йылдырым» операциясында жеткізу қызметі көрсету кезінде бір әскер шейіт болды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Пенче-Йылдырым операциясы аясында 2021 жылы 23 мамыр күні әуеден жеткізіп беру қызметі орындалған кезде бір батырымыз тікұшақтың қонуы барысында жарақат алып ауруханаға жеткізілсе де, құтқарыла алмай шейіт болды» делінді.

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар болса шейіт әскер үшін жолдаған көңіл айту жеделхатында «Батыр әскеріміз 2021 жылы 23 мамыр күні шейіт болды. Өзім және Ұлттық Қорғаныс министрлігі қызметкерлері атынан шейітімізге Алланың рақымын, отбасы мен ұлтымызға көңіл айта отырып сабырлық тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар