Түрік футболшыларынан чемпиондық хабарламасы

Францияда чемпион атанған Лилль командасының түрік футболшылары «чемпиондық» хабарламасы жасады.

1644732
Түрік футболшыларынан чемпиондық хабарламасы

Францияның 1-ші футбол лигасында (Ligue 1) чемпион атанған Лилль командасында ойнаған ұлттық футболшылар Бурак Йылмаз, Юсуф Языжы және Зеки Челик «чемпиондық» хабарламаларын жариялады.

Бурак Йылмаз İnstagram аккаунтынан түрік байрағымен түскен фотосуретін бөлісіп, «Жаным еліме сәлем!» деп жазды.

Юсуф Языджы Twitter аккаунтынан жасаған мәлімдемеде «Жақсы және жаман күндерімізде әрқашан бізбен бірге болдыңыз. Бүкіл ел бір жүректей бізді сүйіспеншілікпен қушақтадыңыз. Сіздің хақыңызды қайтара алмаймыз. Бұл табыс баршаның, қалағанша тойлаңыздар» деді.

Зеки Челик болса өзінің Twitter аккаунтынан чемпиондықты тойлау фотосуреттерімен бөлісті және «Біз өзімізге лайықты нәрсені алғанда» деп жазды.

Лиганың соңғы аптасы қақпаға Бурак Йылмаз да гол салған матчта Анжерді 2-1 есебімен жеңген Лилль командасы өз тарихында 10 жылдан кейін төртінші рет чемпиондыққа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар