Октай СКТР-да жастармен бас қосты

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында байланыстарын жалғастырды.

1644040
Октай СКТР-да жастармен бас қосты

Вице-президент Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (СКТР) таң намазында жастармен бас қосты.

Таң намазының артынан Октай Әділет және даму партиясы (АҚ партиясы) Жастар филиалының төрағасы Эйюп Кадир Инан және Түркияның 81 қалалық филиалының жастар бөлімі мүшелеріне қоса азаматтық қоғам мекемесі өкілдері және спортшылармен бас қосты.

СКТР-ның бас қаласы Никосиядағы Хала Сұлтан мешітінде жастармен таң намазын оқыған Октайдың жастармен кездесуіне Түркияның Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы өкілетті елшісі Али Мурат Башчери мен Түркия Садақшылары қоры төрағасы Хайдар Али Йылдызға қоса Әділет және даму партиясы депутаты Орхан Эрдем де қатысты.

Октай намаздың артынан жастармен сорпа және шай ішіп, ұзақ уақытқа әңгімелесті.



Ұқсас жаңалықтар