Түркияда коронавирус салдарынан 231 адам қайтыс болды

Түркияда соңғы бір тәулікте коронавирус салдарынан 231 адам қайтыс болды.

1643853
Түркияда коронавирус салдарынан 231 адам қайтыс болды

Эпидемия басталған күннен бері қайтыс болғандардың жалпы саны 46 мың 71 кісіге көбейді.

Бір күнде 216 мың 658 сынама жүргізіліп, 835 жаңа науқас тіркелді. Бір тәулікте 8 мың 697 кісіге вирус жұққаны анықталды.

Ауруханадан шыққан 14 мың 472 кісіні қосқанда, жазылып кеткендердің саны 5 миллион 13 мың 111 кісіге жетті.

Басқа жағынан Денсаулық министрі Фахреттин Кожа әлеуметтік медиа арқылы вакцина келісімдерімен байланысты мағлұмат берді.

Министр Кожа коронавирусқа қарсы жетілдірілген 100 миллион доза Sinovac, 120 миллион доза BionTech және 50 миллион доза Sputnik вакцинасы үшін келісім жасалғанын атап, «270 миллион доза адам санымыздан 3 есе көп вакцина деген сөз. Осы күшке сеніңдер» деді.



Ұқсас жаңалықтар