TRT Deutsch-қа қорқыту хаты

Полиция оқиғаны тексеріп жатыр.

1642742
TRT Deutsch-қа қорқыту хаты

Орталығы Германияның бас қаласы Берлинде болып табылатын Түркия Телерадио компаниясының (TRT) неміс тіліндегі платформасы TRT Deutsch-қа қатерлі хат жіберілді.

Дәлелдерді тексеруге алған полиция хатты «нәсілшіл, Ислам және түрік дұшпандығы» ретінде анықтады.  Тақырып Мемлекеттік қауіпсіздік бөліміне жіберілді.

Осы хат бір жыл ішінде TRT Deutsch-қа жіберілген және Prinz Eugen группасы (PEG) қолтаңбасымен келген үшінші қатерлі хат болып табылады.

TRT Deutsch бас редакторы Каан Элбир шамамен екі аптадан бері Газадағы оқиғаларды тығыз жариялағандарын айтты. «Осыған мазасызданған көптеген медиа органы мен журналистер бізді нысанаға алды.  Бірақ біз өз ісімізді білетіндіктен шындықтарды көрсетуді жалғастырдық. Бұл қорқытулар бізді үрейлендірмейді» деді ол.


Этикеттер: #Газа , #TRT , #TRT Deutsch , #хат

Ұқсас жаңалықтар