Президент Ердоғаннан мерекелік құттықтау

Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

1641727
Президент Ердоғаннан мерекелік құттықтау

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия өскен сайын, күшейген сайын, аймақтық және жаһандық лидерлік жолында жылжыған сайын жастарға одан да көп мүмкіндік ұсынатындарын айтты.

Ердоған 19 мамыр Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесіне орай құттықтау жариялады.

Президенттік аппарат жанындағы Коммуникация басқармасы Ердоғанның құттықтауында 1919 жылдың 19 мамыр күнінің Ардагер Мұстафа Кемал түрік ұлтынан алған күшпен Ұлт Азаттық соғысты бастаған күн екенін еске салғанын білдірді. Құттықтауда «Империалист, отаршыл басқыншы күштерге қарсы жүргізілген күресте ұлтымыз шайқалмас табандылықпен бірлік үшін соғысты. Түрік ұлты Тәуелсіздік күресі бойы ешбір ұлтқа нәсіп болмаған табандылық және батылдықпен жауға қарсы тұрды.  Отанды және байрақты қорғады және аңызға татитын жеңіске жетті» деп айтылды.

Ердоған былай жалғастырды: «Бүгін біз де өркениетімізден алған күш және жастарымыздың энергиясымен жеңістерімізге жеңіс қосу үшін, елімізді 2023 жылғы мақсаттарға жеткізу үшін жұмыстанудамыз. Жастарымыз осы мақсат пен құндылықтарымызды жалғастырып,  байрақты жарқын болашаққа жеткізеді. Ұлттық және халықаралық аренадағы табыстарымен еліміздің мықты өкілдері болады деп сенеміз.

Түркия өскен сайын, күшейген сайын, аймақ және жаһандық лидерлік жолында жылжыған сайын жастарымызға одан да көп мүмкіндік береміз.  Барлық жастарымыздың тек өз ұлтымыз емес, әлемнің түкпір-түкпіріндені жазықсыздардың елімізге деген сенімі мен үмітін ақтайтын жауапкершілікпен қозғалатынына сенемін.  Осындай сезімдермен 19 мамыр Ататүрікті еске алу,  жастар және спорт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ардагер Мұстафа Кемал бастаған Ұлт Азаттық соғыстың барлық қаһармандарын құрметпен еске аламын»



Ұқсас жаңалықтар