АҚШ-тан қадам күтеміз

Калын бір газетке мәлімдеме берді.

1638347
АҚШ-тан қадам күтеміз

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттарымен келіспеушілікке себеп болған Ресейден сатып алынған S-400 зымыран жүйесі тақырыбының келіссөз арқылы шешілетінін айтты.

Ибрахим Калын бір газетке берген мәлімдемесінде Бельгияның бас қаласында өтетін НАТО саммитінде президент Режеп Тайып Ердоғанның АҚШ президенті Джо Байденмен кездесетінін білдірді.

Калын әсіресе сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG және Фетуллахшы террор ұйымы тақырыбында АҚШ-тан күтетін қадамдар бар екенін,  осы тақырыпта Байден әкімшілігінің нақты қадам басуын сұрайтындарын айтты.

Ол Израиль шабуылдарының Израиль мемлекетінің Палестина жерін тарихи,  мәдени және діни куәлігінен тазалау жобасының соңғы сатысы екенін атап көрсетті.  Ол Израильге қысымды әрдайым жүйелі түрде арттыру керектігін,  бұл үшін Ислам әлемі, араб елдері, Еуропа Одағы, АҚШ және басқа да елдерде осы процесті жақыннан қадағалап отырғандарын айтты.

Калын Мысырдан кейін Сириямен келіссөз болатыны туралы айтылған әңгімелер жөнінде «Бұлар басқа тақырыптар.  Сирияда Башар Асадпен кездесу мүмкін емес.  Кейде барлау қызметтерінің кездесуі болуы мүмкін» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар