Президент Ердоған Малайзия королімен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған мұсылман елдердің басшыларымен әл-Ақса мешіті шабуылына қатысты талқылауын жалғастыруда.

1637950
Президент Ердоған Малайзия королімен телефонда сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Малайзия Королі Сұлтан Абдулла Риаятуддин Әл-Мустафа Биллах Шахпен телефонда сөйлесті.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кездесуде екі жақты қарым-қатынастар және Израильдің әл-Ақса мешіті мен палестиналықтарға бағытталған шабуылдары талқыланды.

Кездесу барысында Президент Ердоған Израильдің әл-Ақса мешітіне шабуылдап, палестиналықтарды қудалауға қарсы бір жүрек пен бір дауыс болу керектігін жеткізді.

Ердоған Түркия мен Малайзияның бұл тақырыпта әсіресе БҰҰ мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымынан бастап тиісті барлық платформаларда тығыз ынтымақтастықта болатынына сенгенін түсіндірді.

Президент Ердоған кеше де Иордания королі Абдуллах ІІ және Кувейт Әмірі Невваф әл-Ахмед әл-Джабир эс-Сабахпен телефонда бөлек сөйлескен болатын.

Екі әңгіме барысында да Израильдіңәл-Ақса мешіті мен палестиналықтарға шабуылдары қолға алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар