Террормен күрес үздіксіз жалғасуда

Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағында анықталған PKK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.

1636695
Террормен күрес үздіксіз жалғасуда

Ұлттық Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Гарада анықталған 2 террорист Түрік Қарулы күштері және Ұлттық барлау ұйымының ортақ әуе операциясымен залалсыздандырылды» делінді.

Басқа жағынан арнайы десанттар Ирактың солтүстігінде табысты түрде жалғасқан «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары аясында террористердің індерін біртіндеп жоюда.

Министрліктің Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары аясында PKK-лық террористтер қолданған баспана мен үңгірлерді жойған кездегі бейне көріністерді қоғаммен бөлісті.

Ел көлеміндегі террормен күрес шаралары да үздіксіз жалғасуда.

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған хабарламада Мардиннің Нусайбин ауданында PKK-лық 6 террористің залалсыздандырылғанын жариялаған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар