ТИКА Ауғанстан халқына жәрдем беруде

ТИКА Рамазан айында бастаған жәрдемдерін мемлекеттің солтүстігіндегі 9 уәлаятқа жеткізді.

1635703
ТИКА Ауғанстан халқына жәрдем беруде
tika afganistan.jpg
tika afganistan.jpg
tika afganistan.jpg

Түркия ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) Рамазан айы бағдарламасы аясында Ауғанстандағы 600 отбасына азық-түлік пакетін таратты.

Пакеттің таратылуына орай Мезари-Шерифтің  Андхой ауданында ұйымдастырылған рәсімге Аудан қауіпсіздік басқармасы төрағасы Хабибуллах Садат, Аудан мәжіліс кеңесі өкілі Енисе Техйенч және Андхой ауданы әкімі Сұлтан Сенджер қатысты.

Рәсімде сөз сөйлеген аудан әкімі Сұлтан Сенджер Түркияға, түрік халқына және ТИКА-ға жасаған барлық қолдауына орай алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

ТИКА Рамазан айында бастаған жәрдемдерін мемлекеттің солтүстігіндегі 9 уәлаятқа жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар