Ердоған мен Меркель видео конференция өткізді

Ердоған Ауғанстан мен Ливия үшін Германиямен көлемді ынтымақтастық жасауға дайын тұрғандарын айтты.

1634737
Ердоған мен Меркель видео конференция өткізді

Президент Режеп Тайып Ердоған Германия премьер-министрі Ангела Меркельмен видео конференция өткізді.

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасынан жасалған мәлімдемеде конференцияда Түркия мен Германия қарым-қатынастары және аймақтық тақырыптар талқыланғаны білдірілді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Германияның жалпы сайлау процесінің қайырлы болуын тіледі, жаңа кезеңде де Түркия мен Германия қарым-қатынастарының ақылды және стратегиялық тұғырмен дамитынына сенетінін білдірді.

Түркия-Еуроодақ қарым-қатынастарында қол жеткен жақсы жағдайдың жалғасуы керектігін айтқан Ердоған Грекияның айтақтаушы іс-әрекеттерін тоқтатпағанын, Эгейде халықаралық құқық пен жігерге қайшылық жасап, босқындарды Түркияға итермелеген қимылдарын арттырып отырғанын, осы оқиғаларға қарамай болымды күн тәртіпті қорғау үшін Түркияның байсалды тұғырды сақтағанын тілне тиек етті.

Ердоған НАТО-ның мүмкіндігі мен қабілетін қолдану жолымен Ауғанстанға қолдаудың ықпалды жолдары қарастырлуы керектігін білдіріп, Ливияның тұрақтылығы үшін Ұлттық Бірлік үкіметіне қолдаудың жалғасатынын, осы аяда Германиямен көлемді ынтымақтастық жасауға дайын тұрғандарын айтты.   



Ұқсас жаңалықтар