Чавушоғлу Германия ішкі істер министрімен кездесті

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу  Германияда Ішкі істер министрі Хорст Лоренц Зеехофермен кездесті.

1635070
Чавушоғлу Германия ішкі істер министрімен кездесті

Мәвлүт Чавушоғлу кездесуге байланысты твиттер арқылы немісше және түрікше мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлу кездесу барысында заңсыз көші-қон тақырыбында басылатын қадамдарды қолға алғандарын айтты. 

Мәлімдемеде "Кездесуде PKK және Фетуллахшы террор ұйымымен күресуде табанды ынтымақтастықтың маңыздылығы талқыланды. Зеехоферге Түркия жаңа типтегі коронавирус індетіне қарсы биыл да атқаратын 'қауіпсіз туризм шаралары' жайлы мағлұмат берілді" делінді. 

 



Ұқсас жаңалықтар