Түрік вакцинасы жылдың аяғына дайын болады

TÜBİTAK басшысы Хасан Мандал отандық вакцина жұмыстарына байланысты TRT Haber арнасына мәлімет берді.

1632930
Түрік вакцинасы жылдың аяғына дайын болады

Түркия Ғылыми және технологиялық зерттеу мекемесі TÜBİTAK басшысы Хасан Мандал коронавирусқа қарсы жетілдірілген отандық вакцинаның жылдың аяғында қолданысқа берілетінін айтты.

TÜBİTAK басшысы Хасан Мандал отандық вакцина жұмыстарының жағдайына байланысты TRT Haber арнасына мәлімет берді. Ол мекеменің үйлестіруімен жүргізілген жеті вакцина жұмысының жалғасып жатқанын айтып,  осы вакциналардың бірі VLP вакцинасының зерттеу жұмыстарының 27 наурыз күні басталғанын еске салды. Мамыр айының аяғында, маусым айының басында екінші сатысы басталады. «Тамызда үшінші фаза және 2021 жылдың аяғында бұйырса түрік вакцинасы қоғамдық қолданысқа ұсынылады» деді ол.

Коронавирусқа қарсы екі дәрінің де екінші саты зерттеуінің осы апта басталатынын айтқан TÜBİTAK басшысы Хасан Мандал тамыз айында емде қолданылатын жағдайға келетінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар