Сириялық әйелдер туралы деректі фильм

Деректі фильмде Башар Асад түрмелерінде жәбір-жапа шеккен әйелдердің тағдыры қолға алынды.

1632815
Сириялық әйелдер туралы деректі фильм

TRT World арнасының жүлдегер деректі фильмі "Off the Grid" «Сирияның тұтқын әйелдері: Жәбір-жападан қашу» атты бөлімімен көрерменге  жол тартты.

Түркия телерадио корпорациясы TRT хабарлама жариялап, Түркияның халықаралық жаңалықтар платформасы TRT World арнасының әлемнің түкпір-түкпіріндегі қиын шарттарда өмір сүретін адамдардың хикаяларын жариялауды жалғастыратынын білдірді. Каналдың жүлдегер деректі фильм тізбегінің ендігі бөлімі Сирия түрмелеріндегі трагедия туралы.

Сириядағы азаматтық соғыстың он жылдығы үшін арнайы дайындалған деректі фильмде Башар Асад түрмелерінде жәбір-жапа шеккен әйелдердің өмірі мен тағдыры қолға алынды.

«Off the Grid» деректі фильм тізбегінің «Сирияның тұтқын әйелдері: Жәбір-жападан қашу» атты бөлімі 5 мамыр сәрсенбі күні Түркия уақытымен сағат 16.30-да TRT World арнасында жарияланады.



Ұқсас жаңалықтар