Бастарына бәйге тігілген террористтер залалсыздандырылды

Алты террористтің үшеуі іздеу салынғандар тізімінде болып шықты.

1632931
Бастарына бәйге тігілген террористтер залалсыздандырылды

Диярбакырдың Лиже ауданында 29 сәуір күні залалсыздандырылған алты террористтің үшеуі қызыл, қызғылт және сұр категорияда ізделген террористтер екені белгілі болды.

Ішкі істер министрлігі террористтердің бірі Суна Таштың 2011 жылы террорлық ұйымға қосылғанын, «Терроризмнен ізделгендер тізімінде» 10 миллион түрік лирасы бәйге тігіліп,  қызыл категорияда ізделгенін білдірді.

Латифе Ханиби атты террористтің басына бір миллион түрік лирасы бәйге тігіліп, қызғылт категорияда іздеу салынған болып шықты.

Террорист Дилан Силинсин болса сұр категорияда іздеу салынған, басына 600 мың лира бәйге тігілген.

Аталмыш террористтер Диярбакыр аймағында болған лаңкестіктердің жоспарлаушылары болып шықты.



Ұқсас жаңалықтар