Ирактың солтүстігінде 1 әскер шейіт болды
Террор ұйымының зымыран шабуылында 1 әскер шейіт болды.
1632225
Ирактың солтүстігінде жалғасқан «Пенче-Йылдырым» операциясында бір әскер шейіт болды.
Ұлттық қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Пенче-Йылдырым» операциялық аймағында әскери аймаққа террор ұйымы жасаған зымыран шабуылында бір әскердің шейіт болғаны білдірілді.
Мәлімдемеде «Бізді қайғы-қасіретке ұшыратқан бұл опасыз шабуылда көз жұмған шейітімізге Алланың рақымын, жанұясына қоса Түрік Қарулы Күштері мен ұлтымызға көңіл айта отырып, төзімділік тілейміз» делінді.