Түрік Қарулы Күштері үлкен табыстарға қол жеткізді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштерінің жоғарғы технологияны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне және операциялық үстімдігіне ие екенін айтты.

1631283
Түрік Қарулы Күштері үлкен табыстарға қол жеткізді

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы Күштерінің әлемде бірен-саран армияның ғана қол жеткізе алатын жоғарғы технологияны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне және операциялық үстімдігіне ие екенін айтты. 

Хулуси Акар бұл туралы мәлімдеме жасады. Акар мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің мемлекет ішінде, Сирияның және Ирактың солтүстігінде, Кипрде, Әзербайжанда, Жерорта теңізінің шығысында және көптеген географияда үлкен табыстарға қол жеткізгенін білдірді. Акар сонымен қатар әрі Түркияның, әрі дос және бауырлас елдердің құқығын қорғау, аймақтық және жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа үлес қосу үшін Президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасы бойынша табандылықпен күрес жүргізгенін баяндады. 

Хулуси Акар Президент Ердоғанның басшылығында  ұлттық және отандық  өнеркәсібі басқармасы тарапынан дамытылған және жоғарғы технологияға негізделген соғыс қару, көлік және жабдықтардың маңыздылығына назар аударды. Акар "Түрік Қарулы Күштері әлемде бірен-саран армияның ғана қол жеткізе алатын жоғарғы технологияны жүзеге асыру мүмкіндіктеріне және операциялық үстімдігіне ие" деді. 

Министр Акар осы аяда Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолдауы және ынталандыруымен қорғаныс өніркәсіп секілді өнеркәсіптің барлық саласында  маңызды ілгерілеушілік болғанын атап өтті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар