Президент Ердоған энергетикалық материалдық өндіріс орнын ашты

Зымыран тұмсықтары мен пиротехникалық материалдар өндіріс базасынан шығарылатын болады.

1631572
Президент Ердоған энергетикалық материалдық өндіріс орнын ашты
erdogan mkek muhimmat.jpg
erdogan mkek muhimmat.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Твиттер аккаунтынан Механикалық және химиялық өнеркәсіп корпорациясы жанындағы "BARUTSAN" зымыран-жарылғыш зауытындағы Энергетикалық материалдық өндіріс орнын ашып, өнімді іске қосу туралы хабарлады.

Ердоған хабарламасында «Ресми түрде ашылуын жасаған жарылғыш базасы мен заманауи электрлі гибрид жүйелі сауытты соғыс көліктері мен «BORAN» жылжымалы гаубицалардың елімізге, қорғаныс өнеркәсібімізге және Түрік Қарулы күштерімізге құт әкелуін тілеймін» деді.

Хабарламасында база туралы мағлұматтар берілген бір кесте де орын алды.

Базаның 12 айдың ішінде 25 миллион долларлық инвестициямен құрылғаны жазылған кестеде жылдық өндіріс қуатының 200 тонна екені және 4 мың 584 текше метрлік алаңға құрылғаны білдірілді.

100% отандық және ұлттық ресурстармен қамтамасыз етілген өндіріс орнында зымыран тұмсықтары, пиротехникалық материалдарға қоса композиттік ракеталық жанармайларда шикізат ретінде қолданылатын RDX, HMX және CXM материалдар шығарылатын болады.

Кестеде сондай-ақ әуеден тасымалданатын 105 миллиметрлік жеңіл жылжымалы «BORAN» гаубицасы отандық және ұлттық жоба болып өндірілгені де атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар