"Оңтүстік Кипрге сенбеймін"

Президент Стамбулда мәлімдеме жасады.

1631602
"Оңтүстік Кипрге сенбеймін"

Президент Режеп Тайып Ердоған Швейцарияның Женева қаласында өткен Кипр конференциясы туралы: «Оңтүстік Кипрге сенбеймін. Олар ешқашан адал қозғалмады» деді.

Президент Стамбулда мәлімдеме жасады.  «Енді 2-3 айдан кейінге қалды.  Мен нәтиже шығады деп ойламаймын. Себебі олар адал емес.  Жалған айтты,  алдады.  Осының нәтижесінде жүргізілген референдумға да құрмет көрсетпеді. Тағы соларды қайталап отыр. Адал болмаса, келісе алмаймыз» деді ол.

Режеп Тайып Ердоған Түркиядағы вакцинацияға байланысты: «Вакцинаға қолжетімділік тақырыбында бір проблема болады деп есептемеймін.  Қолымызда жеткілікті вакцина бар.  Ресеймен келістік,  Спутник вакцинасы да келеді» деді.

Biontech вакцинасының жеткізілуіне байланысты президент «Biontech бізге уәде берді.  Ол да келеді» деді.



Ұқсас жаңалықтар