Ердоған Кипр түріктеріне қолдауды қайталады

Ерсин Татар Женевада Кипр түрік халқының қолдауымен егемен теңдікті негіз еткен екі елдік шешімді күн тәртіпке әкеледі.

1628807
Ердоған Кипр түріктеріне қолдауды қайталады

Президент Режеп Тайып Ердоған:

"Кипрде мәселені тұйыққа тіреген, Кипрдегі түрік бауырларымызды эмбарголармен бас идіруге талпынған санаға рұқсат бермейміз" деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ердоған кабинет жиналысы алдында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Ерсин Татарды қонақ қылғандарын айтып, кездесуде екі жақтылы ынтымақтастық, бүгін Швейцарияның астанасы Женевада өткізілетін "БҰҰ 5+1 бейресми жиналысын" қолға алғандарын хабарлады.

Ерсин Татардың Женевада Кипр түрік халқының қолдауымен егемен теңдікті негіз еткен екі елдік шешімді күн тәртіпке әкелетінін айтқан Ердоған:

"Түркия осы үлгіні қолдайды. Кипрде мәселені тұйыққа тіреген, Кипрдегі түрік бауырларымызды эмбарголармен бас идіруге талпынған санаға рұқсат бермейміз. Жиналыстың нәтижесі не болғанына қарамай, Кипрдегі түрік бауырларымыздың қасында боламыз" деді. 



Ұқсас жаңалықтар