Калын "АҚШ-қа жауап беріледі" деді

Калын АҚШ Президенті Джо Байденнің 1915 жылғы армян оқиғаларын «қырғын» деп тануына Түркияның жауап беретінін білдірді.

1628182
Калын "АҚШ-қа жауап беріледі" деді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттары Президенті Джо Байденнің 1915 жылғы армян оқиғаларын «қырғын» деп тануына Түркияның жауап беретінін білдірді. 

Ағылшын хабар агенттігі "Reuters"-ке мәлімдеме жасаған Ибрахим Калын "Джо Байденнің бұл мәлімдемесі өте қорқынышты.  Тарихты бұрмалау болып табылады және шындыққа үйлеспейді. Бұл мәлімдемені қабылдамаймыз және қатал түрде айыптаймыз" деді. 
Түркияның аталмыш мәлімдеге уақыт барысында қатал жауап беретінін түсіндірген Калын "Бұл мәлімдемеге алдымыздағы күн немесе айларда түрлі деңгейде тойтарыс беріледі" деген сөздер қолданды. 
Бұның саяси жауапкерсіз бір мәлімдеме екенін айтқан Калын "Байденнің мәлімдемесінің бір маңыздылығы жоқ. Өйткені мазмұны түбегейлі түрде саясат. Карабахтың тәуелсіздігінен (2020 жылы қазан айы) кейін Армениямен қарым-қатынастарды қалыпқа түсіру секілді Түркия орын алған ешбір процеске де пайдасы жоқ. Түркия-АҚШ қарым-қатынастарына да ықпалы болады" деді. 
Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы  2005 жылы Президент Режеп Тайып Ердоғанның архивтерді ашып, ортақ бір комиссия құру ұсынысын еске салды. 



Ұқсас жаңалықтар