Бейресми 5+1 жиналысы ертең Женевада өтеді

Кипр проблемасына байланысты бейресми 5+1 жиналысына Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу қатысады.

1628497
Бейресми 5+1 жиналысы ертең Женевада өтеді

БҰҰ Кипрдегі тараптар мен кепілгер елдер Түркия, Грекия және Ұлыбританияны 27-29 сәуір күндері Женевада жинайды.

Швейцарияның астанасы Женевада ертең басталатын Кипр проблемасына байланысты бейресми 5+1 жиналысына Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлу қатысады. 

Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда жиналыс БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррештің басшылығында 27-29 сәуір күндері аралығында Женева қаласында өткізіледі. 

Жиналысқа Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татар, Кипр Понти әкімшілігі лидері Никос Анастасиадиспен қатар Кипрдегі  кепілгер елдер Түркия, Грекия және Ұлыбританияның өкілдері қатысады.  

 



Ұқсас жаңалықтар