Президент Ердоғанның әскери операция мәлімдемесі

Ердоған «Пенче-Йылдырым» және «Пенче-Шимшек» операциясына қатысты мәлімдеді.

1627586
Президент Ердоғанның әскери операция мәлімдемесі

Президент Режеп Тайып Ердоған Ирактың солтүстігінде сепаратистік террор ұйымы PKK-ға қарсы бағытталған «Пенче-Йылдырым» және «Пенче-Шимшек» операциясымен байланысты «Мақсатымыз - оңтүстік шекараларымызда құруға тырысқан террор болмысын жою және қауіп-қатерлерді құрту» деді.

Президент Ердоған Ирактың солтүстігіндегі террористік ұйымға қарсы ұйымдастырылған «Пенче-Йылдырым» және «Пенче-Шимшек» операцияларының басқару орталығына бейне көрініспен қосылды.

Әскерлерге үн қатқан Ердоған «Мақсатымыз - оңтүстік шекараларымызда құруға тырысқан террор болмысын құрту және қауіп-қатерлерді жою. Түркияның да, Ирактың да, Сирияның болашағында сепаратистік террор ұйымы мен террорға орны жоқ. Аймағымызға қан, көз жасы мен қайғы-қасіреттен басқа ешнәрсе әкелмейтін бұл қанішер тобын жойғанға дейін күресімізді жалғастырамыз» деді.

Операцияларда максимал мөлшерде отандық және ұлттық қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін пайдаланудың ерекше бір мақтаныш екенін айтқан Ердоған «Баспана мен үңгірлер нысанаға алынған операцияда қазірге дейін көптеген террорист залалсыздандырылды. Терроризмді толығымен жою және азаматтарымызды террор дертінен құтқаруға бел будық» деді.

Президент Ердоған «Түрік әскерінің «Өлсем шейітпін, қалсам ардагер» деген түсінігімен жүргізілген операциялар алдында шыдай алатын кез-келген бір күш танымаймыз. Ирактың территориялық тұтастығына құрметпен жүзеге асырылған бұл операция аймақта бейбітшілік пен тыныштықты қалыптастыруға маңызды үлес қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар