«Ауған бауырларымызға қолдауымыз жалғасады»
Мевлүт Чавушоғлу Стамбулда Түркия-Ауғанстан-Пәкістан Үштік Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ауғанстандағы бейбітшілік процесімен байланысты «Бейбітшілік талпынысымыз және ауған бауырларымызға қолдауымыз жалғасады» деді.
Мевлүт Чавушоғлу Стамбулда Түркия-Ауғанстан-Пәкістан Үштік Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады.
Ауғанстан және Пәкістанның Түркия үшін бауырлас екі ел халқының бауырлас халықтар екенін тілге тиек еткен Чавушоғлу Түркияның бұл елдермен тарихи берік байланысы болғанына назар аударды.
Чавушоғлу бүгінгі үштік жиналыста аймақта бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қалыптастыру арқылы халықтардың әл-ауқаты үшін үштік ынтымақтастықты бақылау мүмкіндігіне қол жеткізілгенін атап, әсіресе Ауғанстандағы бейбітшілік процесінің талқыланғанын баса айтты.
Министр Чавушоғлу «(Ауғанстандағы бейбітшілік процесі) Бұдан кейінгі кезеңде бейбітшілік талпынысымыз және ауған бауырларымызға қолдауымыз әрине жалғасады» деді.
Пәкістан Сыртқы істер министрі Шах Махмуд Курайши де «Ауғанстанда жалғыз шешім - келіссөздер арқылы жасалған саяси шешім» деді.
Ауғанстан Сыртқы істер министрі Ханиф Атмар болса «Ауғанстан бейбітшілік кезеңіне өзін берген. Барлық мүдделі тараптардың қатысуымен кездесу өткізуге әрдайым ниеттіміз» деді.
Түркия, Пәкістан мен Ауғанстан бірлескен декларациясында Талибанға ауқымды және келіссөздер жүргізілген татуласуға бағыныштылық шақыру жасады.
Декларацияда Ауғанстан бейбітшілік келіссөздерін жылдамдату мақсатты Стамбулда жоғары деңгейлі жиналыс ұйымдастыру үшін Түркия, Катар және БҰҰ-ның ортаға қойған талпынысына алғыс айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Ердоған Әлиевпен сөйлесті
Президент Режеп Тайып Ердоған Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.