Түркияның отандық аппараттары әлемге тыныс болуда

Күніне 300 дана жасанды тыныс алу аппараты өндіріледі.

1625341
Түркияның отандық аппараттары әлемге тыныс болуда

Түркияның отандық жасан тыныс алу аппараттары отыздан астам елде адамдарға тыныс болуда.

«Biosys Biyomedikal» компаниясының бас директоры Жемал Ердоған былтыр жаппай өндірісін бастаған жасанды тыныс алу аппаратынан күніне 300 дана өндіре алатындарын айтты. Өндіріс Денсаулық сақтау министрлігі және Өнеркәсіп және технология министрлігінің басшылығында басталды.  Ол Арчелик, Аселсан, Байкар инженерлерінің көмек бергенін айтты.

 Ердоған бүгінге дейін шамамен 20 мың дана желдету жиһазының өндірілгенін білдірді. Қазір көптеген елде және Түркияда белсенді түрде қолданылуда. Компания өндірген аппараттардың шамамен жартысы шетелге экспортталды. Ердоған: «Бразилия, Қазақстан, Әзербайжан және Румыния секілді отыздан астам елде Түркияда өндірілген отандық технология адамдарға тыныс беруе. Африкаға да көмек ретінде көптеген жиһаз жібердік» деді.



Ұқсас жаңалықтар