ТР Сыртқы істер министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Баспасөз хатшылығы қызметіне өкілетті елші Танжу Билгич тағайындалды.

1624920
ТР Сыртқы істер министрлігінің жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшылығы қызметіне өкілетті елші Танжу Билгич тағайындалды.

Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық бас дирекциясы жасаған мәлімдемеде Танжу Билгичтің министрліктің баспасөз хатшысы ретінде бүгін жұмысын бастағаны атап көрсетілді.

Билгичтен бұрын Хами Аксой Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі қызметін атқарған еді.

Билгич Анкара университетінің саясаттану факультетін бітіріп, 1995 жылы Сыртқы істер министрлігінде қызметін бастады.

Министрлікте әртүрлі салада қызмет еткен Билгич 2014-2016 жылдары арасында Сыртқы істер министрлігі Ақпараттық бас директоры орынбасары және министрдің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды.

Билгич 2016-2021 жылдары болса Түркияның Сербиядағы (Белградта) елшісі қызметін атқарды.

Бильгич қызмет еткен басқа елдер арасында Босния және Герцеговина, Дания, Франция және Ресей орын алды.



Ұқсас жаңалықтар